Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 5,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде «Айналым схемасы» тетігі шеңберінде 2,8 млрд.теңге, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 2,5 млрд. теңге.
Жалпы сомасы 2,0 млрд.теңгеге 9 039 тонна азық-түлік қоры бар. Форвардтық сатып алу шеңберінде Жамбыл облысының өндірушісімен жаңа егіннен 700 тонна пияз жеткізуге шарт жасалды. Қалған көкөністер жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алынды.
БҚО тұрақтандыру қорына 60 тонна қарақұмық жармасы, 60 тонна күріш, 20 тонна пиязды тікелей сатып алу жүзеге асырылды. Бұл тауарлар Орал қаласының сауда желілерінде және аудан әкімдіктері бекіткен жергілікті оператор – дүкендерде 70% - қала және 30% - аудандар қатынасында сатылуда.
Облыстың тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді, кг үшін 115 теңге бағамен 600 тонна қырыққабатты форвардтық сатып алу туралы шешім қабылданды (жеткізу 01.12.2023 ж. бастап 01.05.2024 ж. дейін жүзеге асырылады).
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорына ірі сауда объектілеріне сатып алынған тауарларды (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық) сату жүргізілуде. Бүгінгі күні (6 ақпан мен 25 мамыр аралығында) 402 тонна картоп, 424 тонна пияз, 27 тонна сәбіз, 28 тонна қырыққабат, 18,5 тонна күріш және 10.2 тонна қарақұмық жармасы сатылды.
Облыстың барлық сауда желілеріне жеткізу шарттары жасалды және 60-тан астам сауда нүктелерінде тауарларды сату жүзеге асырылуда.
Мамыр айында жеткізіліммен жасалған келісімшарттар бойынша 25 тонна картоп, 1,6 тонна сәбіз, 22 тонна пияз және 4 тонна қырыққабат бар.