«WestKazInvest - 2022» Халықаралық инвестициялық форумы

«WestKazInvest - 2022» Халықаралық инвестициялық форумы

Инвестицияларды тарту, облыстың инвестициялық әлеуетімен танысу және өзара тиімді байланыстарды орнату мақсатында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Орал қаласындағы «Атамекен» мәдениет сарайының ғимаратында «WestKazInvest – 2022» халықаралық форумын өткізу жоспарлануда.

Форумға орталық мемлекеттік органдардың, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының өкілдері, ірі бизнес өкілдері, бизнес қауымдастықтары, әлеуетті шетелдік инвесторлар және басқа да ұйымдар қатысады деп күтілуде.

Форум аясында отандық тауар өндірушілер мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері кәсіпорындарының көрмесін, түрлі тақырыптық пленарлық отырыстарды өткізу жоспарлануда, оның барысында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Толық ақпаратты https://www.westkazinvest-2022.kz веб-сайттынан табуға болады.