ҚР АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ҚР АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2021 жылғы 14 қазанда Ауыл шаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша онлайн режимінде селекторлық кеңес өтті.

Кеңес Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы арқылы АШМ-ның басшылық құрамының, Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен өтті.

 Кеңес барысында министрліктің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылдайтын шаралары қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына ауыл шаруашылығының тиісті салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, оның ішінде министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.