Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

2021 жылдың 19 маусымы күні Орал қаласының Ықсанов көшесі бойында, тұрғындар мен қала қонақтарына азық-түлік тауарларын жеңілдетілген, өндіруші бағасымен ұсыну және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Орал қаласы, Бәйтерек және Теректі аудандарының 40-тан аса азық-түлік өндіруші компаниялары қатысты. Бұдан бөлек, көтерме жеткізушілер мен тауар бағасы нарықтағы бағадан төмен бағамен кәсіпкерлер өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

         Жәрмеңкеде 24 мың дана жұмыртқа, 10,5 тонна картоп, 8 тонна пияз, 10 тонна қияр, 3 тонна қызанақ, т.б. өнімдер сатылды. Картоп бағасы 250 теңге, жұмыртқа 15 теңге болды.