ӨҢІРДЕ ТАБИҒИ СҮТКЕ СҰРАНЫС МОЛ

ӨҢІРДЕ ТАБИҒИ СҮТКЕ СҰРАНЫС МОЛ

Облыста сүтті бағыттағы 14 асыл тұқымды шаруашылық бар. Оларда 1885 бас ірі қара мал бағылады. Былтыр Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылында 600 басқа арналған сүт фермасы іске қосылды. Бүгінде Теректі ауданында да тауарлы сүт фермасы салынуда. Сондай-ақ Орал қаласы аумағында сүт белдеуін қалыптастыру мақсатында сүтті ірі қара өсірумен айналысатын 12 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.