
Бүгін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көктемгі дала жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.
Брифинг барысында 2026 жылғы егіс науқанының нәтижелері, егіс алқаптарының ұлғаюы, егісті әртараптандыру, мемлекеттік қолдау шаралары және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.