Пестицидтер мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға өтінім қабылдау басталады

Пестицидтер мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға өтінім қабылдау басталады

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2026 жылғы 19 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 09:00-де https://gosagro.kz субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталатындығын хабарлайды.