Адалдықты ту еткен мемлекеттік қызметкер

Адалдықты ту еткен мемлекеттік қызметкер

Қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі ең алдымен өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары азаматтардың еңбегімен қалыптасады. Осындай үлгілі мемлекеттік қызметкерлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Умралиев Қайыржан Мақсотұлы.

Қайыржан Мақсотұлы еңбек жолында кәсібилік пен адалдықты басты қағида етіп келеді. Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға белсенді атсалысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тығыз байланыс орната отырып, саланың дамуына өз үлесін қосып жүр. Ол әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуына және саладағы өзекті мәселелердің шешілуіне күш-жігерін жұмсайды.

«Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде әділдік, еңбекқорлық, жауапкершілік және қоғам игілігіне қызмет ету құндылықтары жатыр. Бұл қасиеттер Қайыржан Мақсотұлының күнделікті қызметінен айқын көрінеді. Әріптестері арасында сыйлы, қарапайым әрі адамгершілігі мол маман ретінде танылған ол азаматтармен жұмыс барысында ашықтық пен әдептілік қағидаттарын ұстанады.

Мемлекеттік қызмет – халық сеніміне негізделген жауапты міндет. Осы міндетті абыроймен атқарып жүрген Қайыржан Мақсотұлы өзінің адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және ел игілігі жолындағы қызметімен өзгелерге үлгі болып келеді.

Мұндай азаматтар – қоғамның берік тірегі, мемлекетіміздің дамуы мен ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары. Адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған Қайыржан Мақсотұлы сияқты мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.