Мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін мекемеде мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу, әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болудың және көлік құралын масаң күйде басқарудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейту бағытында жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.