БҚО-да мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары түсіндірілді

БҚО-да мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары түсіндірілді

Аймырзаев Бағлан Мұхтарұлы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аталған жоспар жан-жақты талқыланып, мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттары, өндіріс көлемін арттыру, асыл тұқымды мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен субсидиялау тетіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар, саладағы өзекті мәселелер қаралып, шаруашылық субъектілері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Іс-шараға салалық ұйымдар, шаруа қожалықтарының өкілдері және аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты.