
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлерін, сала ардагерлерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және барша әріптестерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды.
Наурыз мейрамы — халқымыздың сан ғасырлық тарихымен сабақтасқан, ізгілік пен татулықты, жаңару мен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке. Бұл күн табиғаттың жаңғырып, тіршіліктің қайта түлейтін, ырыс пен ынтымақтың арта түсетін ерекше кезеңін білдіреді.
Ауыл шаруашылығы саласы үшін Наурыз мерекесінің мәні айрықша. Себебі жер-анамен етене байланысқан бұл салада әрбір еңбек күні маусымдық тіршілікпен, табиғат ырғағымен және ел игілігі жолындағы адал қызметпен сабақтасып жатыр. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың өркендеуі — сала мамандарының, шаруалардың, фермерлердің және еңбек ардагерлерінің еселі еңбегінің нәтижесі.
Осы мерекелі күні ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен туған жерге деген жанашырлықтарыңыз өңірдің дамуына негіз болып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға құт-береке, бақ-дәулет тілейміз. Наурыз мейрамы әр үйге шаттық пен қуаныш, бірлік пен молшылық әкелсін!
Құрметпен,
Батыс Қазақстан облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы