Жаңа Конституция жобасын таныстыру

Жаңа Конституция жобасын таныстыру

Бүгін, яғни 2026 жылдың 2 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында, ауыл шаруашылығы мекемелеріқызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын таныстыру мақсатында арнайы Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілер мен сала мамандарының пікірін тыңдау және қоғаммен кері байланыс орнату.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, облыс әкімінің орынбасары Қалиар Шадиярұлы Айтмұхамбетов және AMANAT партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев қатысты.

Жиын барысында Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты баяндалды. Атап айтқанда, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыру және қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері қамтылғаны айтылды. Сонымен қатар реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлердің дербестігін арттыруға және ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Ақпараттық топ мүшелері жаңа Конституция жобасы – ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды құжат екенін атап өтіп, әрбір азаматты белсенді азаматтық ұстаным танытып, 15 наурыз күні өтетін Референдумға қатысуға шақырды.