Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумы

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумы

Елорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен екі мыңнан астам делегат қатысып, саладағы үздік мамандар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бұл айтулы жиында Батыс Қазақстан облысының өкілдері де жоғары марапаттарға ие болды.
🔸 Қаратөбе ауданы «Мөлдір» шаруа қожалығының малшысы Сейтқалиев Тұрар Шамғонұлы – «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын;
🔸 «Терра Ақжайық» ЖШС директоры Наурызғалиев Қайыржан Мақсотұлы – «Құрмет» орденін
Мемлекет басшысының қолынан алды.

Еңбегі еленген сала майталмандарын шын жүректен құттықтаймыз! 🌾👏