СТ-KZ СЕРТИФИКАТТАУ

СТ-KZ СЕРТИФИКАТТАУ

2009 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымға арналған «CT-KZ» түріндегі тауардың шығарылған жері туралы сертификат енгізілді.

«CT-KZ» түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификат тауарлардың жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін және еркін экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағына дейін шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағында шығарылып, сатылатын  тауарларға рәсімделеді, куәландырылады, беріледі.  

Қазіргі кезде рәсімдеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген тауарлардың шығарылған елі, шығатын жерін айқындайтын сертификатты беру және оны жою туралы Ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

Бұрын мұндай сертификат тендерлер мен сатып алуларда төмендегідей артықшылықтар мен шартты жеңілдіктер беретін:

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ отандық тауар өндірушілердің тізіліміне тіркеу үшін;

- Ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу және тендерлерінде шартты жеңілдіктер;

- Еркін экономикалық аймақтар мен бос қоймалар аумақтарына әкелінетін қазақстандық тауарларды өндiруде қолданылатын шетелдік материалдар мен құрамдас бөлшектерге қойылатын импорттық бажды азайту немесе толық босату;

Қазақстан Республикасының ЕАЭО қосылуы нәтижесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қазақстан өзге мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысты сатып алудың ұлттық тәртібін қамтамасыз етуі тиіс.

Осындай міндеттемелерді Қазақстан квазимемлекеттік сектор («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ) сатып алу аясында ДСҰ-на кіруге байланысты да жасады.

2016 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі қол жетімді артықшылық нормалары ЕАЭО және ДСҰ халықаралық келісімдері бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелері шеңберінде алынып тасталды.

ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік бар ма деген сұрақ туындайды.

ЕАЭО –пен Келісім-шарт негізінде рұқсат етілген:

- 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін EAЭО тауарлары деп танылған тауарларды еркін экономикалық аймақтардың аумағынан және бос тұрған қоймалардан Одақтың бірыңғай кеден аумағына (2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім және 2010 жылғы 18 маусымдағы Бос қоймалар жөніндегі келісім бойынша ) шығарылғанда артықшылықтар беру.

-2021 жылғы 1 қаңтарға дейін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 01.01.2015 ж. дейін жасасқан келісімшарттардағы жергілікті қамту бойынша талаптар сақталады;

- Қазіргі кезде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде жергілікті мазмұнды құптау туралы мәселе талқылануда.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде фармацевтикалық өндірісті дамытуға фармацевтикалық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау тәжірибесі халықаралық стандарттарға сәйкес салаға инвестициялар тарту және қазақстандық мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету негізінде енгізілді.

 

СТ-KZ  сертификатын қалай алуға болады?

CT-KZ ішкі айналымы үшін тауардың шығарылатын жері туралы сертификат алуға мүдделі өтініш берушіге (жеке немесе заңды тұлға) қажетті:

           Ішкі айналымға арналған тауарлардың шығарылу жері туралы сараптама сертификатын алу үшін сараптама жасау ұйымына өтініш жасайды. Тауарлардың шыққан елін сараптаумен байланысты жұмыстар келісім-шарттық негізде жүзеге асырылады.

 ӨКП CT-KZ сертификаты төмендегідей негізде беріледі:

а) Бекітілген үлгідегі өтініш;

б) Тауарлардың ішкі айналымға шығарылуына сараптама акты;

с) Тізім бойынша құжаттар (2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 ереженің 45-тармағы):

1) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы ереже,  жеке кәсіпкер үшін - патент немесе жеке кәсіпкердің куәлігі) жылына бір рет беріледі;

2) тауарлардың шығарылған жерін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен келісім-шарт немесе тауарларды сатып алу, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, тауарларды тасымалдау туралы құжаттар);

3) қызметтің түріне байланысты лицензияның түпнұсқасы мен көшірмесі (егер қызмет лицензиялануға жататын болса);

4) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін анықтау үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі (тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен оның құрамдас бөлігінің өзіндік құны, тауарды жеткізу туралы келісім-шарт және/немесе шот-фактуралар, және/немесе жүкқұжаттар, өндірілген тауарға сай нормативті техникалық құжаттар тізімдері бар қосымшасымен технологиялық операцияларды сипаттайтын құжаттама, өндіріс орындарының құжаттары, жұмысшылардың тізімі, қолданылған шикізат немесе шетелден шыққан құрамдас бөлігінің бағасын есепке алғандағы тауардың өзіндік құнының есебі);

5) ұсынылған тауарлар атауларының мемлекеттік тілдегі тізбесі;

6) қоймадағы тауардың  бар-жоғы, мекен-жайы көрсетілген қойма куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

7) өтініш берушінің мүддесін білдіретін сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бөлімшесінің жергілікті атқарушы органының көрсетілген аумақта өнімнің ұсынылған топтамасын өсіру туралы растайтын анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі және өнім өндірушімен жасалған келісім-шарт, тауарды өндірушімен келісімшарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесімен бірге тауарларды сатып алу туралы шарт;

Құжаттардың түпнұсқалары  өтініш берушіге олардың көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Бұл жалпылама тізім болып саналады (типтік). Әрбір Өтініш беруші сараптамалық ұйымның немесе ӨКП сарапшысымен алдын ала кеңескеннен кейін, өзінің өнімдері үшін тізімнен керекті тармақты таңдайды.

СТ-KZ формалы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты рәсімдеу алдында  уәкілетті тұлға қорытынды жасайды, ол үшін талдау жүргізіледі: өтініш беруші ұсынған құжаттардың 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 ережесінің 45-тармағында көрсетілген тізімге сәйкестігі мен  ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сараптама актісінің тиісті рәсімделгені тексеріледі.

Тауар алғаш шығарылғанда немесе негізгі жабдықтардың тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ технологиялық операциялардың өзгеруіне байланысты өтініш беру кезінде өндіріс орындарының, технологиялық жабдықтардың болуын және сыртқы белгілер бойынша тауарларды сәйкестендіруді тексеруге және таңбалау үшін ұсынылған тауар орналасқан өндіріске бару жүзеге асырылады.

CT-KZ түріндегі тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат алған кәсіпорындар туралы ақпаратты ks.gov.kz сайтынан алуға болады. Сайт күн сайын жаңартылып тұрады және оны кез-келген адам қолдана алады.

Тауардың шығарылу жері туралы сертификаттарды рәсімдеу және беруді іс жүзінде жүзеге асыру.

Тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттарды рәсімдеу және беру қазіргі уақытта 16 облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Кәсіпкерлер палаталарында жүзеге асырылады.

     Тауарлардың шығарылған елін анықтау Ережелерінің 24-тармағына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы сертификат бір жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл өте қысқа мерзім. Тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттардың өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды талдау жөніндегі барлық жұмыстар,  тауарды дұрыс рәсімдеу үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты рәсімдеу туралы шешім шығарғаны жөнінде тауардың шығарылған жері туралы сараптама актісін жасау біраз уақытты қажет етеді, сондай –ақ, тауар алғаш шығарылғанда немесе негізгі жабдықтардың тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда , сондай-ақ технологиялық операциялардың өзгеруіне байланысты өтініш беру кезінде өндіріс орындарының, технологиялық жабдықтардың болуын және сыртқы белгілер бойынша тауарларды сәйкестендіруді тексеруге және таңбалау (атауы, түрі, қаптамасы, класы, өндіруші-кәсіпорын) үшін ұсынылған тауар орналасқан өндіріске бару жүзеге асырылады.

 Өтініштер мен құжаттарды қабылдау, тіркеу, өңдеу және сертификаттарды беру ақпараттық жүйе бар болған жағдайда, электронды құжат түрінде беріледі.