Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығының 25 тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен алынбаған 1,9 мың тонна дизель отыны көлемінің күзгі егін жинау және жем-шөп дайындау жұмыстарына қайта бөлінетіндігі туралы хабарлайды.
2025 жылғы егін жинау және жем-шөп дайындау жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отыны көлеміне өтінім беру ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап сағат 9:00-де, «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» (gosagro.kz) арқылы тапсырылады.
Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.