🌾 Батыс Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы көпжылдық шөптердің пайдалануының маңыздылығы жөніндегі семинар өтті

🌾 Батыс Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы көпжылдық шөптердің пайдалануының маңыздылығы жөніндегі семинар өтті

🗓 2025 жылғы 4 маусым күні Орал қаласы маңындағы Деркул ауылында орналасқан «Орал АШТС» ЖШС базасында «Батыс Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы көпжылдық шөптердің пайдалануының маңыздылығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ғалымдар, агрономдар мен фермерлер қатысты.

🔹 Семинардың ашылуында басқарма басшысының орынбасары Рустем Мулкайұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі құрғақ климат жағдайында көпжылдық шөптерді пайдаланудың стратегиялық маңызына тоқталды.

🔹 Баяндамалар бөлімінде:

Диденко И.Л. — құрғақшылыққа бейім аймақтарда көпжылдық шөптердің тиімділігі мен бейімділігі жайында баяндама жасады;

Булеков Т.А. — көпжылдық шөптерді таза түрде немесе аралас құрамда егу тәсілдері мен технологиялық ерекшеліктерін ұсынды.

🔹 Практикалық бөлім:

Қатысушылар «Орал АШТС» ЖШС-нің жемшөп дақылдарын өсіру алаңдарын аралап, нақты тәжірибемен танысты. Егістік стационарлар мен демонстрациялық учаскелерде ауыспалы егіс жүйесіндегі шөп дақылдарының жай-күйі мен өнімділігі көрсетілді.

🔚 Семинар соңында қорытынды сөзді Бекеев Ж.Г. сөйлеп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

📌 Іс-шара қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, жаңа агротехнологиялармен танысуға және құрғақ дала жағдайына бейімделген тиімді шешімдер туралы білім алуға жақсы мүмкіндік болды.