Бүгін, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — халқымыздың тарихы мен тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын еске салып, елдік пен егемендіктің маңызын ұғындыратын ерекше дата.
Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — біздің ұлттық мақтанышымыздың, тәуелсіздігіміздің, бейбіт өміріміздің және жарқын болашаққа деген ұмтылысымыздың көрінісі.
Ұйым қызметкерлері болып бас қосып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындадық. Бұл сәт жүректерімізді мақтаныш пен патриоттық сезімге бөлеп, бірлігімізді нығайтты.
Осы күні еліміздің тәуелсіздігі жолында еңбек еткен жандарға, сондай-ақ қазіргі таңда Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіреміз.
Мемлекеттік рәміздер бізге әрдайым елге деген сүйіспеншілікті, бірлік пен жауапкершілікті еске салып тұрсын!
Мереке құтты болсын!
Туған жеріміз мәңгі жасасын!