Үйірлі шегірткелермен күресу жұмыстарының барысы

Үйірлі шегірткелермен күресу жұмыстарының барысы

Үйірлі шегірткелермен күрес жұмыстарының барысымен танысу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы 2025 жылдың 27 мамырында Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ол «Авангард» ЖШС-нің күздік бидай егістігінде болып, егістіктің жай-күйімен танысты. Одан кейінгі жоспар бойынша өңдеу бригадасымен және сала мамандарымен бірге химиялық өңдеу жүргізу барысын бақылады.

Биыл облыс бойынша шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарының жалпы болжамы 326,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен аса қауіпті үйірлі шегірткелерге (итальяндық прусқа) қарсы – 134,5 мың гектар, облыстық бюджет есебінен саяқ шегірткелерге қарсы – 192,3 мың гектар өңделетін облады.

Өңдеу жұмыстары аэрозольді генераторлармен, жерүсті желдеткіш бүріккіштермен, аса жеңіл ұшақтармен және дрондармен жүргізілетін болады.

Итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу 2025 жылдың 21 мамырында басталды. Бүгінгі күнге дейін шамамен 24 мың гектар аумақ өңделді.

Сонымен қатар, шегірткелердің дернәсілдері шығу кезеңінде зерттеу (мониторинг) жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу және өңдеу шаралары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Өңдеу жұмыстарын келесі мекемелер жүзеге асырады: «ЗапКазФумигация» ЖШС, «АЗОШ» ЖК, «АгроСЛА» ЖШС, «Фитосанитария» РМК, «Магтоксин» ЖШС.

Қорғау шаралары облыстық аумақтық инспекцияның, аудан әкімдерінің және жергілікті құрылымдық бөлімше мамандарының қатаң бақылауында.

Шегірткелерге қарсы жұмыстарды үйлестіру мақсатында облыстық және аудандық деңгейдегі штабтар тұрақты режимде жұмыс істеуде.

Мониторинг пен өңдеу шараларын жүргізуге көмек көрсететін қосымша адамдармен қамтамасыз ету жөнінде аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.