СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ЖӘНЕ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫ ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ЖӘНЕ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫ ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. 1949 жылдың 29 тамызында полигонында ядролық қарудың ең алғашқы сынағы өткізілсе, соңғы жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында өткізілді. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Жарлығымен Семей полигоны жабылды. 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Ассамблеясы 29 тамызды - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады.
Осыған орай, аудан әкімі М.Сердалин бүгін Семей полигоны және ядролық сынақтарды жоюға қатысқан аудан азаматтарымен кездесті. Біздің ауданнан ядролық сынақтарды жоюға жалпы 80-ге қатысқан болатын. Кездесуде қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек мәселелерін көтеріп, аудан басшысы өз тарапынан бұл санаттағы азаматтарға жергілікті бюджет есебінен қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.