ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Айбат Алматұлы Төлегенов тағайындалды.
Айбат Алматұлы 29.07.1993 ж. Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құқық» бакалавр мамандығы бойынша тәмәмдап, Ресей Федерациясы Басқару және өндіріс академиясының «құқықтану» мамандығының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2015 жылы Ақжайық ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
2016-2019 жылдары Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы және бас маманы, 2019-2020 жылдары Ақжайық ауданы әкімі аппаратының бас маманы (заңгер), 2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы – заңгері, 2022 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарды.
Аудан әкімі М.Сердалин А.Төлегеновты аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.