АУДАН ӘКІМІ СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
12 сәуір күні аудан әкімі М.Сердалин су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан дайындықтарымен танысу мақсатында Жайық өзенін бойлай орналасқан су басу қаупі бар елді мекендерді аралады.
Жұмыс сапары барысында Мерген, Мойылды, Қабыл, Ілбішін, Ақсуат, Ақбұлақ, Атамекен, Алмалы, Тайпақ, Базаршолан, Базартөбе, Қарауылтөбе, Есенсай, Кеңсуат және Көнеккеткен ауылдарында болып, бірқатар атқарылған жұмыстары ретімен танысты. Алдын алу шаралары барлық округтерде басталғанымен, кейбіреу округтердің жұмыс деңгейінің қарқыны төмен. Осы орайда аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне жұмыстардың жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Облыстан жұмылдырылған арнайы техникаларды ұтымды пайдалану, тұрғызылған бөгеттердің биіктігі 2 метрден кем болмауын , үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында ұңғымаларды қоршау және ауыл тұрғындары мен жастарды, шаруа қожалық иелерін аталған шараларға белсінділік көрсету, қапшық қаптауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қолға алу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі кейбір округтерде ауыр техника қажеттілігі бар екендігі, облыс тарапына ұсыныс беріліп, техника келуіне байланысты қамтылатындығы да айтылды. Аудан әкімі бүгінде аудан қорында дизель отыны мен қапшықты жеткілікті екендігін, барлық округте толық қамтылып отырғандығы айтып, ендігі кезекте тек жұмысты күшейту қажеттілігін ескертті.
Аудан көлемінде атқарылған бірқатар шараларға тоқталған аудан әкімі қазіргі таңда жалпы 53 техника, соның ішінде 19 арнайы техника облыстан келгендігін, 800-ге жуық мекеме қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылып, 23 бөгет, 27 000-ға жуық қапшық қапталғандығын айтты.
Аудан әкімімен бірге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Кажгалиев болып,өз кезегінде ұсыныстарын білдірді.
Алдағы күндері де аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.