ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРУДЕ

ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРУДЕ

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері тасқын судан зардап шеккен облыс тұрғындарына құқықтық түсіндірме кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, жылжымайтын мүлік құжаттарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

      Атап айтар болсақ, ХҚКО қызметкерлері тұрғындардың жылжымайтын мүліктерінің құжаттарын тексеріп, құжаттары толық  емес немесе жоғалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі және тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға тіркеу үшін қандай мекен-жайға бару қажеттілігі түсіндірілді.

      Сонымен қатар, облысымыздың су тасқынынан зардап шеккен  тұрғындарына көмек көрсету мақсатында филиал директорының қолдауымен, филиал қызметкерлерінен ерікті түрде қаражат жиналып, азық-түлік, тазалық құралдары, тұрмыстық керек-жарақтар алынып эвакуациялық пункттерге табысталды.

      Қала аймақтарында бірқатар еріктілер мен белсенді жастар тасқын суға қарсы тосқауыл жасау жұмыстарын атқаруда. Игі істен филиал қызметкерлері де қалыс қалмай, бір кісідей жұмылып, бөгет тұрғызу жұмыстарына белсене қатысты.