Аптаның бейсенбісі аудан әкімінің орынбасары Б.Абуов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Мутиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ф.Уахитов, мансап орталығы аудандық филиалының директоры Б.Ержанова, аудандық аурухананың директоры А.Жүнісбеков, аудандық мәслихат депутаттары Л.Сейткереева мен А.Ерментаеваның қатысуларымен Ақжол, Мерген, Көнеккеткен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында жеке қабылдау жүргізіліп, тұрғындар тарапынан жер, жұмысқа орналасу, мәдениет үйінің құрылысы, жеке мүліктің құжаттарын рәсімдеу, ауыл шаруашылығы жануарларын суландыру мәселелері бойынша қойылған сауалдарға заң аясында жауап берілді.