Аптаның бейсенбісі аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Рахметуллин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ф.Уахитов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Замеров, Тайпақ ауруханасының меңгерушісі С.Сүндетова, учаскелік полиция инспекторлары Сарытоғай, Базаршолан, Базартөбе ауылдық округінің тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау жүргізді.