БҮГІНГІ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ - ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

БҮГІНГІ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ - ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Дәл осында атаумен 21 маусымда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Алтын белгі» иегері атанған мектеп түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты шарасы өтті.
Шараға аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов, аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин, ардагер ұстаздар Б.Қоспаев және Д.Жақсыбаев, ата-аналар, мектеп түлектері мен мектеп директорлары қатысты.
Жиналғандардың алдында аудан әкімі Қалияр Шадиярұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында ауданымыз бойынша «Алтын белгімен» аяқтаған 12 жас түлектерге төсбелгі тағып, мемлекеттік аттестат пен естелік сыйлықтар табыстады және түлектердің ата-аналарын өз атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Өз кезегінде ардагер-ұстаз Даулетжан Абдрахманұлы, ата-аналар атынан Биман Утебаев құттықтау сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірсе, жас түлектер атынан «Алтын белгі» иегері, Алмалы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі Қанат Төлегенов біліммен қанаттандыру арқылы бүгінгі жетістікке жетуге аянбай үлес қосқан ұстаздар қауымы мен ата-аналарға, сол жетістіктерін салтанатты түрде ұлықтағаны үшін шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да барша тілеулес жандардың үкілеген үмітін ақтайтындарын жеткізді.
«Алтын белгі» иегері атанған түлектеріміз:
Арысова Айнур Арысқызы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі; Жасұланова Гүлзат Биманқызы Абай атындағы мектеп-гимназия түлегі;
Узаккаирова Аружан Арманқызы Абай атындағы мектеп-гимназия түлегі;
Жамалхан Бекет Мұхтарұлы Алмалы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Төлегенов Қанат Мұратұлы Алмалы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Төлеуғалиев Нұрлыбек Асхатұлы Алмалы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Тілекқабылов Сержан ЖасқайратұлыАлмалы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Нұртасқызы Зарина Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Изғалиева Құндыз Төреғалиқызы Хиуаз Доспанова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Рахматулина Данара Казбекқызы Хиуаз Доспанова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Кумаров Куаныш Маратұлы Құрман Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі;
Сұлтангереев Әлішер Базарұлы Тайпақ жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі.