АУДАН БОЙЫНША ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАН БОЙЫНША ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бүгін аудан аумағында барлық мекеме қызметкерлері, еріктілер мен ауыл тұрғындарымен сенбілік ұйымдастырылып, қарды ауыл сыртына шығару, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басудан қорғау, арық жүйелерін қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар 28 ақпанда басталған болатын. Күні бүгінге су тасқынының алдын алуға 1223 адам, 44 арнайы техника жұмылдырылып, 1015 текше метр қар шығарылды.