САЗГЕРДІҢ НОТАСЫМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН БАСЫЛЫМ

САЗГЕРДІҢ НОТАСЫМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН БАСЫЛЫМ
Аптаның бейсенбісінде облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасының мәжіліс залында «КСРО үздік мәдениет қызметкері», Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», сазгер Хибашев Ғұбайдолла Әбішұлының 80 жасқа толуына орай басылған «Ақжайық өлкем» кітабының тұсаукесері өтті.
Музыка өнері саласында еңбек етіп жүргендер мен студенттерге әнді сүйіп қастерлейтін қалың қауымға арналған төл басылымның лентасын аудан әкімі Қалияр Шадиярұлы және автор Ғұбайдолла Әбішұлы қиды.
Ақын Сағынтай Бисенғалиевтің тізгіндеуімен өткен шарада журналист Тілес Жазықбай кітапқа шолу жасаса, тұсаукесер рәсіміне жиылған Ақжайық өңірінің жақсылары мен жайсандары бұл басылымға қатысты өздерінің оңды бағаларын берді.