АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов ардагер ұстаз Манашев Идиятолла Манашұлының мерейлі 75 жасқа толуына орай арнайы қабылдап, құттықтады. 40 жылға жуық Ілбішін ауылындағы Қаршы мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, талай шәкірттерін салауатты өмір салтын ұстануға баулыған еңбек ардагеріне аудан әкімі жылы лебізін білдіріп, облыстық білім басқармасы басшысы және өз атынан Алғыс хатттар табыстап, иығына шапан жапты.
Өз кезегінде кездесуге жиналған еңбек ардагері Ж.Қажғалиев, білім қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрайымы Ш.Жиенбаева мерейлі жас иесіне ізгі тілектерін білдірсе, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Үмбеталиев И.Манашевке сый-құрмет көрсетті.