20 ҚАРАША 2022 ЖЫЛ-ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ

20 ҚАРАША 2022 ЖЫЛ-ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ
Құрметті жерлестер!
2022 жылғы 20 қараша ел болашағы үшін маңызды оқиғамен түйінделді.
Әрбір саяси науқанның жоғары дәрежеде өтуі халықтың сайлауға белсенді қатысуына тікелей байланысты.
Кеше өткен Қазақтан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында аудан көлемінде ауа-райы жағдайының нашарлығына қарамастан сайлаушылардың өз мекен-жайы бойынша орналасқан сайлау учаскелеріне келіп дауыс беру белсенділігі арта түсті.
Десе де, ауа-райының қолайсыздығы учаскелік сайлау комиссияларының қыстақтар мен үйден дауыс берушілердің мекен-жайын аралауға және аудан орталығына қатынауына айтарлықтай кедергілер туғызды.
Осы орайда, сайлауға белсенді қатысқан аудан тұрғындарына және мекеме ұжымдарына, учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне ризашылығымды білдіремін!
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жоғары ұйымдастырушылық танытып, тиісті жұмыстарды атқарған әріптестерім мен тіршілікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелеріне, соның ішінде ауылдық округ әкімдеріне және жергілікті жерде ауылдық округ әкімдеріне қолдау білдірген ауданның шаруа құрылымдарына ерекше алғысымды айтамын!