БҮГІН ӨТЕТІН «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК

БҮГІН ӨТЕТІН «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК
Құрметті аудан тұрғындары!
Бүгін 2022 жылғы 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін (бір сағаттық) «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтетіндігін хабарлаймыз!
Жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде ұйымдастырылатын бұл халықаралық акция биылғы жылы әлем бойынша 15-ші рет, Қазақстанда 13-ші мәрте өтеді.
Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
«Жер сағаты» акциясы – бұл ғаламшардағы ең жаппай экологиялық акция. Сол себепті оған бүкіл әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам жоғары жауапкершілікпен қатысып, жергілікті уақытпен сағат 20:30-21:30 аралығында электр жарықтары мен тұрмыстық электр құралдарын өшіру арқылы үнемделікке, экотуризмді дамытуға өз үлестерін қосады.
Осыған орай, баршаңызды аталмыш акцияға қолдау білдіріп, белсенді түрде ат салысуға шақырамыз!