Бүгін аудан орталығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында еркін күрестен 2007-2009 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Е.Умитов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы К.Есендияров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 10 команда келіп, бақ сынауда.
Бүгінгі жарыстың нәтижесі:

38кг. 1-орын Жалмұхан Нұралы (спорт интерат); 2-орын Ерболат Асылхан (спорт интерат); 3-орын Нәсіпкерей Мансұр (Ақжайық); 3-орын Бегимов Елнұр (Ақжайық).