"Сергелдең болған серілер"

"Сергелдең болған серілер"

"СЕРГЕЛДЕҢ БОЛҒАН СЕРІЛЕР"
Дәл осындай атаумен аталатын Баққожа Мұқайдың комедиялық шығармасы бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында қалың көрермен назарына ұсынылды. Премьераны аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов, аудан прокуроры Ә.Тоқтамысов, бөлім, мекеме басшылары, тұрғындар тамашалады.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық халықтық театр режиссері Арман Шыңғали қойған қойылымда өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдаған ауданның көркемөнерпаздары жиналған көрерменнің зор қошеметіне бөленді.
Қойылым соңында сөз алған аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов жас режиссердың дебюттық қойлымының сәтті өтуімен құттықтап, театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
#Qazaqstan30