Орманшылардың жеңісі

Орманшылардың жеңісі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 2021 жылғы 12 қарашада Бөрлі ауданында Батыс Қазақстан облысы бойынша орман шаруашылығы мекемелері арасында спорттық сайыстар өтті.
Шараға Чапаев, Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелері қатысып, 8 команда арасында өткен тартысты бәсекеде жалпы командалық есепте Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымы 1-ші орынға ие болды.
Белсенді өнер көрсетіп, аудан намысын қорғаған мекеме ұжымын жүлделі орын алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!
#Qazaqstan30