VI-шы облыстық «Хрустальды шоқыр» жүлдесі байқауы

VI-шы облыстық «Хрустальды шоқыр» жүлдесі байқауы

Бүгін облыс орталығында VI-шы облыстық «Хрустальды шоқыр» жүлдесі байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті! Облысымыздың туристік-өлкетану саласвның үздіктері арасында біздің ауданымыздың үздіктері марапатталды. Атап айтсақ,
1. Жалпы орта білім беретін мекемелерде (мектептер, лицейлер, гимназиялар):
І орын – Ақжайық ауданы Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ (директоры Утепбергенова Н. У.);
ІІ орын – Ақжайық ауданы Тайпақ ЖОББМ (директоры Ахатова Л.Қ.);
2. Қосымша білім беру мекемелері (балалар шығармашылығы үйі, техниктер, туристер, натуралистер станциялары және өз жұмыстарында туризм, өлкетану және экология элементтерін кірістірген басқа да қосымша білім беру ұйымдары):
І орын – Ақжайық аудандық балалар - жасөспірімдер туризм орталығы (директоры Умбеталиев М. Ж.).
3. Балалар туризмін дамытуда өз үлесін қосқаны үшін (атқарушы үкімет ұйымдарының жетекшілері мен мамандары, орталық және жергілікті өкілеттік ұйымдар депутаттары, ауыл, қала, аудан әкімдері):
І орын – Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі (әкімі Шаленов Б. Б.).
4. Көпшілік-ұйымдастыру шараларын, оқу және тәрбие жұмыстарындағы оқу үдерісін үздік әдістемелік құралмен қамтамасыз еткені үшін (негізгі және орта білім беру мекемелерінің педагогтары, қосымша білім беру педагогтары, туризм әдіскерлері мен турұйымдастырушылар):
ІІ орын – Аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Ефремова О.В. (Ақжайық ауданы);
5. Үздік туристік жорықтар және экспедициялар, маршруттар, саяхаттар жасағаны үшін (негізгі және орта мектептерінің, және қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары, туризм әдіскерлері мен турұйымдастырушылар):
І орын – Аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Абилпейсов Ж. Т. (Ақжайық ауданы);
6. Білім беру ұйымдарында үздік мектеп мұражайын ұйымдастырғаны үшін (музей жетекшілері):
І орын – Ақжайық ауданы Ораз Исаев атындағы ЖОББ мектебінің музейі (жетекшісі: Сулейменова Г. З.);
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!