Құрметті, аудан тұрғындары, өнер сүйер ағайын!
БҚО Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның "Махаббат әуендері" атты концертіне шақырамыз! Мерекелік концертте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегерлері Жаскелең Ғайсағалиев, Марат Сарбупеев, Еркін Өтегенов, Айбар Хайрханов, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Ақмарал Ахметова, Дария Бақытова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Тарас Жауынбаев, Дархан Құлбабаев, Медет Оразов, Қанат Төлепқалиев, Айдана Ажғалиева, Гранд мэнс тобы, Айым Шекеева, Дана Жағыппар, Галина Калашникова, Әсел Қуанышева, Назерке халық би ансамблі, Step up би тобы өнер көрсетсе, филармония жүргізушілері Данияр Исқали мен Дильназ Жасқайрат осынау әдемі кештің көркін қыздырып сіздерге түрлі шоу бағдарламамен қоса, естелік сыйлықтарын ұсынады.
💸Билет құны: 1000 теңге.
🗃️Билеттер: Мәдени демалыс орталығында сатылады.