Достар, енді ХҚО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады. Қызмет пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолжетімді.
ҚР ІІМ белгілеген мемлекеттік баж мөлшері жеке куәлік үшін 584 теңгені, паспорт үшін 23 336 теңгені құрайды.
* төлем Homebank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы қолжетімді