ТУҒАН ЖЕРІНЕ ЖАЗҒЫ САХНА САЛЫП БЕРДІ

ТУҒАН ЖЕРІНЕ ЖАЗҒЫ САХНА САЛЫП БЕРДІ
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Есенсай ауылында жазғы сахна ашылды.
Жазғы сахнаның орнауына ел Тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген ауылдағы орта мектепті бітіргендеріне 30 жыл толып отырған 1991 жылғы түлектер демеушілік көрсетті.
Ашылу салтанатына арнайы қатынасқан аудан əкімінің орынбасары Т.Габдушев құттықтау сөз сөйлеп, елі мен жері үшін игілікті іс жасаған жерлестерге ризашылығын арнап, аудан əкімінің алғыс хаттарын табыстады. Еңселі сахнаның ашылу салтанатының тұсаукесері ретінде Орал қаласынан арнайы келген өнер жұлдыздары, жерлесіміз Жаңылсын Хасанова бастаған Қайрат Кəкімов, Бейбіт Қажығалиев, "Серілер" тобы өнер көрсетіп, ауылды əнге бөледі.
Жалпы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы жарияланғалы ауданымыздың жанашыр азаматтары, ірі жерлес кәсіпкерлер мен меценаттардың көмегімен 5 жыл ішінде 200 млннан астам қаржыға 120 ірі жобалар іске асырылды.