ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ТІРКЕЛУГЕ НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ТІРКЕЛУГЕ НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталады.
Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.
Конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар және мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ұлттық стандарттарға сәйкес бұл В1 деңгейі.
Резервке іріктеуге қатысуға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар жіберілмейді.
Байқау қорытындысы бойынша 50 резервші іріктеледі. Президенттік резервтен тағайындау мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына көзделеді. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Іріктеудің алғашқы кезеңдеріне: кандидаттардың құжаттарын қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу кіреді. Қатысушылардың неғұрлым кең ауқымы үшін тең жағдай жасау мақсатында бұл кезеңдер қашықтықтан жүргізіледі. Барлық ниет білдірушілер байқауға тіркеліп, өңірлерден шықпай алғашқы кезеңдерден өте алады. Әсіресе, бұл санитарлық шектеулерді сақтау қажеттілігі кезеңінде өзекті.
Үміткерлердің құжаттарын қабылдау ағымдағы жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz. мамандандырылған онлайн-платформада жүргізіледі.
Тіркелу үшін үміткерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Оны қашықтан алуға болады.
Тіркелу үшін тек 4 құжатты ұсыну қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) белгіленген орта деңгейдегі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша тестілеу тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат.
Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) не Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQRESMITEST(ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет. Өтінім берген сәтте мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда кандидатқа «ҚАЗТЕСТ» немесе QAZAQRESMITEST жүйесі бойынша тестілеуден өту үшін сілтемелер ұсынылады.
Бұл ретте кандидат тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді аяқтай алады. Ақжайық ауданы әкімі аппаратында жастар кадрлық резервке тіркелушілерге арнайы бұрыш ашылды.
Президенттік Жастар кадрлық резервін қалыптастыру қағидалары Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы №141 Жарлығымен регламенттелген.
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу-бұл жаңа буынның жас және талантты кәсіпқойлары үшін ашық конкурс. Көшбасшылар қатарына кіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Президенттік резервке іріктеу бойынша толық ақпаратпен сайтта танысуға болады pkrezerv.gov.kz.