«Еңбек EDUCATION» әлеуметтік жобасы бастау алды

«Еңбек EDUCATION» әлеуметтік жобасы бастау алды
Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында
2021-2022 жаңа оқу жылында аудандағы Жайық негізгі орта мектебі және О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі «Еңбек EDUCATION» әлеуметтік жобасын жүзеге асыра бастады.
Жоба мектеп жаңындағы қамқоршылық кеңес, ата-аналар тарапынан қолдау тауып, жылдық жоспары бекітілді.
5-9 сынып оқушылары арасында жүзеге асырылатын бұл жобаның басты мақсаты - қатысушыларды өз бетімен адал еңбекке баулу, тиянақтылық пен ұқыптылықа тәрбиелеу, өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеу, бірлесе ұжымдық жұмыстану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бала бойындағы еңбекқорлық, айналасына деген сүйіспеншілік құндылықтарын ашуға негіз болатын осындай жобалар алдағы уақытта басқа мектептерге де енгізілетін болады.
Ұялы байланысқа тәуелділіктің алдын-алу және балаларымызды еңбекке баулу бағытындағы міндеттерді қамтып отырған бұл жобаның нәтижелі болатынына сеніміміз мол.