АУДАНДА 3 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

АУДАНДА 3 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ
АУДАНДА 3 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ!!!
Бүгін Ақжайық ауданының Сарытоғай, Бударин, Тайпақ ауылдық округтерінде әкімдердің сайлауы өтті. Саяси додаға аудан бойынша 3 партиядан 8 және өзін өзі ұсынған 1 үміткер қатысты.
Таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелеріне келген дауыс берушілердің қатары қалың болды. Барлық учаскелерде санитарлық талаптар қатаң сақталып, келген адамдар арақашықтық сақтап, қызуы өлшенді. 3 ауылдық округтен 261 адам үйден дауыс берді.
Барлығы 9 учаскеде салтанатты түрде ашылған сайлауда бәрі әділ әрі ашық өткізілді. «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы бірлестігінен 18 байқаушы, «NurOtan» партиясынан 18 байқаушы, «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалы атынан 4 байқаушы қатынасты.
Жалпы 3 ауылдық округ бойынша 4718 сайлаушының 4159 і, яғни 88,15 пайызы дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады.