Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Отанымыздың көркеюінің символына айналған, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз еліміздің тәуелсіздік жылдарында тынымсыз еңбегімен қол жеткізген жарқын табыстарын ел астанасымен байланыстырамыз. Ұлттың тірегіне, қазақтың тілегіне айналған ғажап мереке күні әрбір отбасына бақ-береке, еселі еңбек, бірлік пен татулық тілеймін! Жас астанамыз жүрегіміздегі жаңарудың, келешекке деген нық сенім мен таусылмас жасампаз күшіміз болсын! Заман талабына сай қалыптасқан бас қаламыздың тұғыры асқақтай берсін!