САРЫТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

САРЫТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ауыз суды үнемдеу және тұрғындардың бау-бақшамен айналысуына мүмкіндік жасау мақсатында Жанама ауылында техникалық су құбыры тартылды. Техникалық су Жайық өзені арқылы қамтамасыз етіледі. Жоба бойынша 25 тонналық екі цистерна, екі су сорғысы және 2980 метр политилен құбыр тартылды. «УральскСтройТехСнаб» ЖШС-мен жүзеге асқан бұл жобаға жергілікті бюджеттен 7,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар Базаршолан ауылында да жүргізілуде.