«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне үміткерлерге!

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне үміткерлерге!
     2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіледі.
     Бұл ретте, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға (1 және 2 бағдарламаларына) және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіруге (1 бағдарламаға) арналған тестілеу бағдарламаларында ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары орнына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Кодекс енгізіледі.
     2021 жылдың 1 шілдесінен тестілеу жаңа бағдарламалар бойынша өткізіледі.
   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.