Мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада бастау алды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада бастау алды.
Бүгін аудан орталығы Чапаев ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада бастау алды. Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов, еңбек ардагері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Д.Жақсыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа аудандағы 26 мекемеден 100-ге жуық мемлекеттік қызметші спорттың 8 түрінен бақтарын сынауда. Командалық есепте жеңімпаздар 23 маусымда өтетін салтанатты жиында кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер жанұялық сайыста да бақ сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады.