Волейболдан аудандық турнир өткізілді.

Волейболдан аудандық турнир өткізілді.

2021 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан полициясы күніне орай аудандық полиция бөлімі және "Динамо" спорт қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнир өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысып, нәтижесінде аудандық ұстаздар командасы 1-орын, аудан әкімі аппараты 2-орын, аудандық өрт сөндіру бөлімі 3-орынға қол жеткізді. Қатысушы командалар алғыс хаттарға ие болды. Жүлделі орын алған командалар 23 маусым құқық қорғау органдарының кәсіби мерекесі күні салтанатты түрде марапатталады.