Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар мен ұстаздар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасып, азматтық жауапкершілігі мол кезеңге аяқ басса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
2020-2021 оқу жылында аудан мектептерін 6472 оқушы аяқтады, соның 366-сы мектеп бітіруші түлектер болса, 21 түлек – «Алтын белгі», 27 түлек - «Үздік аттестат» иеленді.
Қазіргі таңда жас түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, өз бақтарын сынауда.
Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Еліміздегі игi істердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалуда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында талмай ізденіп, еліміздің дамуына зор үлес қосатын білімді де білікті маман, іскер азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.
Қадірменді ұстаздар және ата-аналар!
Балаларымыздың мақсаттары айқын, армандары асқақ, болашақтары жарқын болсын.
Ақ жол, жас түлек!