Абай Сәтиұлы Иманғалиевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир басталды.

Абай Сәтиұлы Иманғалиевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир басталды.
Бүгін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында Ақжайық ауданын 2006-2012 жылдары басқарған Абай Сәтиұлы Иманғалиевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир басталды. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов, А.Иманғалиевтың отбасы және үзеңгілес інісі А.Дәулетжанов қатысты.
Жарысқа Атырау облысы, Орал қаласы мен аудандарынан 216 балғын спортшы қатысуда.
Жарыс 3 күнге созылады.