Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев Жаңабұлақ ауыл округіне жұмыс сапарымен барды.

Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев Жаңабұлақ ауыл округіне жұмыс сапарымен барды.

Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев Жаңабұлақ ауыл округіне жұмыс сапарымен барып, Жаңабұлақ округінің кіреберіс және ауылішілік жолдарының күрделі жөндеуден өтуі, ауыл меценаттарының демеушілігімен қазақ зиратына апарар жолға салынған асфальт тас жолы, ”Жамиға”, “Ақбота”, “Дабыс”, “Дархан” шаруа қожалықтарының қолдауымен жүзеге асқан “Еске алу” саябағын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, мәдениет үйінінің жанындағы модельді кітапханада ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ауылдың көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосқаны үшін ауыл меценаттары алғыс хаттармен марапатталды.