Құрметті жерлестер, ата-аналар мен бүлдіршіндер!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы. Сол үшін де біз өсіп келе жатқан жас буынның болашағына үлкен жауапкершілікпен қарап, бақытты әрі толыққанды отбасында ер жетулеріне жағдай жасауымыз керек.
Биылғы жылғы балалар мерекесінің тойлануы ауданымыз бойынша осы салада табанды еңбек етіп келе жатырған «Бөбек» балабақшасының 20 жылдық мерейтойымен және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғаны көңілге қуаныш ұялатады.
Құрметті балауса балғындар!
Сендерді шуақты мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілеймін