Илья Жақанов 85 жасқа толды

Илья Жақанов 85 жасқа толды
Жайықтың тел баласы атанған Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, Халықаралық Жамбыл және Шыңғыс Айтматов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, жазушы, сазгер, музыка зерттеушісі Илья Жақанов бүгін мерейлі 85 жасын қарсылауда
Туған халқымыздың әнін, әншілік өнерін өзекжарды өбектей сүйген, сүйіп қана қоймай, сол ұлы да ұлық өнерге өлшеусіз олжа салып келе жатқан ағамыздың есімі даңқты жерлесіміз Жұбан ақындай аса қадірлі. Өйткені,Жыр жұлдызы – Жұбан Молдағалиевті еске алса, оның отандастары, Жайық жұртшылығы ақынның өзін сүйсіндірген сазгер інісі Ілекеңнің де есімін қатар айтады. Жампоз Жұбан мен сырлы Ильяның арасындағы дәнекер «Еділ- Жайық» әнімен де ағаның есімі бізге аса қымбат..
Әр әннің өз тарихы, композитордың көңіл әлемінде алар өз орны бар. Бірақ Еділ-Жайықтың ерек туынды екенін сазгер әр кездесуінде толғаныспен айтады. Жан жүректі ұзақ толғантып, толқытып, сана таразысында қорытып, шыңдап барып, ақыры 8-9 минуттың ішінде дүниеге келген ғаламат әнге де биыл 40 жыл. Осыдан 5 жыл бұрын аудан орталығында екі алыптың туындысы – ғаламат әнге ескерткіш орнатылды. Бұл да болса, халықтың өнерлі ұлдарына деген сый-құрметі.
Елге деген құрметі, шынайы тағзымы зор ағамызға шығармашылық табыс, күйлі-қуатты саулық, ұзақ ғұмыр тілеп, көрер қуанышыңыз молынан болсын дейміз! Ел алдындағы абыройыңыз биіктеп, мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.
 
Құрметпен, Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетов.